АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
Балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- б/б қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды; https://indigo24.kz/ru
- ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- баланың тууын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 5 бұйрығымен бекітілген «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысанды есепке алуды толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көзделген нысан бойынша баланың денсаулығы паспорты. 469 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
- бала денсаулығы жайында анықтама;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).
Мақаланы құрған күні 14.02.2024 16:15
Мақаланы жаңартқан күні 11.07.2024 13:02